Болашақ бокс жұлдызы Хэйни мен Камбосостың абсолют үшін айқасына қатысты ойын айтты
Америкалық боксшы Райан Гарсия әлеуметтік желіде пост жариялап, онда жеңіл салмақта WBA, WBO, IBF чемпионы болған Джордж Камбосос пен WBC белбеуіне ие Дэвин Хэйни арасындағы абсолют чемпионы атағы үшін айқасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

Бұл жекпе-жекте төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен Хэйни жеңіске жетті.
"Хэйниді құттықтаймын, бірақ, бұл нашар айқас болды. Не болса да айтайын, Фортунадан кейін кімді көргім келетінін білесіздер! Бұлар енді қарымтаға шықсын. Әйтпесе мүлде айқас емес", - деп жазыпты Гарсия.
Жалпы Хэйни 28 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен екен. Ал Камбосос 21 айқас өткізіп, карьерасында бірінші рет жеңіліп отыр.
23 жастағы Гарсия 22 кездесуінің бәрінде жеңген, 18 нокаут. Айта кетейік, Хейни мен Гарсия әуесқойда алты рет жұдырықтасқан, текетірес есебі әзірге - 3:3.
Жарнама