Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) уақытын бос жіберіп отыр, ал бұл оның карьерасы үшін қауіпті. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей осындай пікір білдірді.
"Қанат Ислам бабында тұрған жылдарын құр сарп етіп жатыр. Бұл оның карьерасына кесірін тигізеді. Бірнеше жыл бұрын ол орта салмақта болашағы зор әрі қауіпті боксшылардан еді. Кейін не болғаныны белгісіз. 2017 жылдан бері ол бар-жоғы үш кездесу өткізді. Мүмкін оның жолы болмай жатқан шығар. Денсаулығымен қиындықтар болды. Кейін командасында жанжал болды. Одан басқа да факторлар әсер еткен шығар.
Әрине ол әлі WBO рейтингінде абыройлы боксшылардың бірі. Алда тіпті чемпиондынның міндетті қарсыласы болып шығуы мүмкін. Исламның бұған дейінгі көрсеткіштері мықты. Дегенмен оның чемпион болатынына сенбеймін. Тіпті оның чемпиондық белбеуге шығу мүмкіндігі де аз. Ол карьерасын қайта жандандырып, қарқын алу керек. Ол үшін Қанат жиі-жиі жекпе-жек өткізу керек", - деді Джей.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы муасым айында шаршы алаңға шығады деген ақпарат тараған. Бірақ Қанат Ислам Қазақстаннан шыға алмай қалды. Ал оның менеджері Нельсон Лопес биыл қазақстандық боксшыға екі кездесу ұйымдастырғысы келетінін айтып еді.
Соңғы кездесуін Ислам 21 ақпан күні күні Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өткізіп, Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жеңген болатын. Бұл Исламның 2019 жылдан бері өткізген алғашқы айқасы болды.