Әлемдік бокстың супер инвесторы Турки Әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлына үлкен жекпе-жек ұйымдастырып беруге уәде етті.
Кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген қазақ боксшы орта салмқата IBF және WBO белбеулеріне ие.
Турки Әл аш-Шейх 22 ақпан Эр-Риядта өтетін жекпе-жектің әлеуметтік желіде жарияланған постының астында Жәнібекке "келесі сен боласың" деп жауап жазыпты:
Турки Әл аш-Шейх - министр лауазымындағы саудиялық король сарайының кеңесшісі және Сауд Арабиясы Ойын-сауық істері бойынша бас басұарма төрағасы.