Бокс
2 наурыз 2023 10:07

"Боксты өлтіріп жатыр". Промоутер Қазақстан құрамасы мен жағдайдың ушыққаны жайлы

©Reuters

Қазақстандық белгілі промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокстан Қазақстан құрамасының Старнджа кубогіндегі сәтсіздігіне қатысты ойын ашық айтты. 

Қазақстан құлдырап кеткен. Кіші ӘЧ-нің жеңімпазы анықталды

"Бұл алаңдатарлық, біз көшбасшылықтан айырылып қалдық. Бұл дәстүрлі турнирден біздің боксшылар әрдайым жақсы жетістіктермен келетін. Мен жекпе-жектерді көрмедім, сондықтан бірдеңе деп айтуым қиын. Егер біздікілер жеңілсе, демек дайындықта кілтипан бар. Федерация мұны ескерген жөн. Шара қолдану қажет - өйткені бұл масқара көрсеткіш. 

Тағы бір тұсы - әуесқой мен кәсіпқойды бөлу. AIBA ұйымының соңғы шешімін тіпті түсінбеймін. Барлық жаңашылдықтар боксты өлтіріп жатыр. Барған сайын жағдай ушығуда. Мүмкін заман басқа, бәрі басқаша болу керек шығар. Алайда мен боксшылар таңдау жасап, бір ғана бағытпен кету керек деп есептеймін. Екеуін қатар алып жүру назарыңды шашады, бар күшіңді бір бағытқа жұмсауға мүмкіндік бермейді және өзін көрсеткісі келетін басқа боксшылардың жолына бөгет болып тұр. Не кәсіпқойда өнер көрсет немесе әуесқойда қал", - дейді Манкенов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport