Бокстан Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері карьерасын аяқтағанын мәлімдеді
© kfb.kz
2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚБФ сайтында хабарланған.
Ниязымбетовтың мұндай шешімі Қазақстан чемпионаты алдында белгілі болды. Дегенмен мұндай қадамның себебі айтылған жоқ.
Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшының бұл мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді.
"Мен және барлық жанкүйерлер Әділбекке ренжімеуіміз қажет. Оның Қазақстан боксын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Ол әлемнің әр бұрышында ел намысын қорғады. Әлем чемпионаты мен Олимпиада финалына санаулы адамдар ғана жетеді. Оның үстіне, Әділбек Азия ойындарының чемпионы да болды. Мұндай жетістік әркімнің қолынан келе бермейді", - дейді Айтжанов.
Қазақстан чемпионаты аяқталысымен және жаңа құрама қалыптасқан соң, Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жаңа капитанды тағайындайды.

Жарнама