Бокстан Олимпиада чемпионы Елеусіновтің жекпе-жегі белгіленді

Әуесқойда Олимпиада чемпионы болған белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (12-0, 7 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.
Әуесқойда Олимпиада чемпионы болған белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (12-0, 7 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.
Данияр Астанадағы жекпе-жек кешіне қатысады:
"Ресми: Данияр Елеусінов рингке 28 ақпанда оралады", - делінген ALL STARS BOXING промоутерлік компаниясының хабарламасында.
Кейінгі рет Елеусінов қыркүйек айында Алматыдағы бокс кешіне қатысып, бесінші раундта филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) нокаутпен жеңген еді. Осының арқасында Данияр WBC Peace титулын иеленіп, BoxRec рейтингінде үздік оны бестікке кірді.
Жарнама