Бокстан Қазақстан құрамасының экс капитаны карьерасына қатысты маңызды шешім қабылдады
©instagram.com/ablaikhan.zhussupov/
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқойдан әуесқойға оралатын болып шешті.
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқойдан әуесқойға оралатын болып шешті.
"Мен Олимпиададан кейін екі жыл кәсіпқойда тәжірибе жинадым және бокс федерациясы мен Қарағанды облысының спорт басқармасының қолдауымен әуесқой спортқа ораламын. Өз тәжірибеммен бөлісіп, Отанмның - Қарағандының өсіп келе жатқан боксшыларына үлгі көрсеткім келеді. Қарағанды облысынан Олимпиаданың талай қатысушылары мен чемпондары шығады деп ойлаймын. Қарсыластар, дайындалыңдар, мен өзімді көрсетпекпін", - деп жазыпты Жүсіпов әлеуметтік желіде.
Жарнама