Бокс
13 тамыз 09:29
 

Бокстан Қазақстан құрамасының барлық бапкерін "орнынан қуды"

  Пікірлер

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасының барлық бапкерін "орнынан қуды" ©ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының ресми аккаунтында ҚФБ вице-президенті Азиз Қожамбетовті және бокстан барлық бапкерлерді орнынан босатқаны жайлы пост жарияланды. Алайда ол жариялым бірден өшірілді. 

blog.share

Қазақстан бокс федерациясының ресми аккаунтында ҚФБ вице-президенті Азиз Қожамбетовті және бокстан барлық бапкерлерді орнынан босатқаны жайлы пост жарияланды. Алайда ол жариялым бірден өшірілді. 

"Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатлығанын хабарлаймыз: Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов", - делінген болатын өшірілген пост мәтінінде. Сонымен қоса, "қызметтен босатқан" постта құраманың барлық бапкерінің тізімі қоса берілген еді. 

бас бапкер - Мырзағали Айтжанов;
аға бапкер - Марат Жәкиев;
бапкер- Нұркен Андасов;
бапкер - Нұржан Насанов;
бапкер - Ғани Ашкеев;
бапкер - Ермек Ертаев;
бапкер - Талғатбек Жәкпеков;
бапкер - Закир Сафиулин;
бапкер - Азамат Мақажанов;
бапкер - Жамиль Жүсіп;
кеңесші-бапкер - Донатас Янюсявичус.

 

Пост федерация парақшасында санаулы секунд қана тұрып, бірден өшірілді. Дегенмен пост скриндері әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!