Бокстан Қазақстан командасы Нұр-Сұлтанда өтетін бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірлескен дайындықты Қытай, Жапония, Қырғызстан және Қазақстан командалары өткізеді. Жиын соңында елордада бокстан халықаралық турнир басталады, онда әлемнің 10 құрама командасы бақ сынайды.
Оқу-жаттығу жиыны 14-28 маусым аралығында өтеді.