Бокстан бұрынғы чемпион Роналдуды нокаутқа түсіргісі келеді
Карьерасын аяқтаған кәсіпқой боксшы және "Манчестер Сити" клубының атақты жанкүйері Рикки Хаттон Португалия құрамасы мен саудиялық "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналдумен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтады.

"Криштиану Роналдуды таңдар едім. Мен Криштианумен ешқашан кездесіп көрген жоқпын. Ол жақсы жігіт екеніне сенімдімін. Ол "Манчестер Юнайтед" үшін ойнады. Сүйкімді жігіт. Оны неге нокаутқа түсірмеске? Ол "Манчестер Юнайтед" үшін ойнаса, әлемдегі ең мықты ойыншы. Ал мен - толықтай кері жағымын", - деп береді британиялықтың сөзін Goal.
Хаттон бірінші орта салмақта IBF (2005 және 2007), WBA (2005), IBO (2007), жартылай орта дивизионда WBA (2006) және IBO (2009) чемпионы болған.
Жарнама