Бокс
14 қаңтар 2021 10:02

Бокстан Азия чемпионының ата-анасының үйі өртеніп кетті

Ілияс Сүлейменов. Сурет: "Астана Спорт"

Қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменовтың ата-анасының үйі өртеніп, дүние-мүлкі мен құжаттары бірге жанып кеткен. Бұл туралы "Астана Арланс" өзінің Instagram желісінде хабарлады. 

Өрт шыққан уақытта спортшының ата-анасы ұйықтап жатыпты, бірақ, дер кезінде оянып, отқа оранған үйден жүгіріп шыққан. Енді боксшы ата-анасының үйін қалпына келтіру үшін көмекке мұқтаж екен.

Еске салайық, 30 жастағы Сүлейменов 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ілияс 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы және 2011 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген. Бокспен 2002 жылдан бері айналысады.