Бокста бақ сынап көрген актер ирандықты нокаутқа түсірді

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабаралйды Vesti.kz.
Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабаралйды Vesti.kz.
Ерекебұлан Алматыда өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты және оның айқасы басты жекпе-жектің бірі еді.
Мұның алдында ММА-де бағын сынап көрген Еркебұланның қарсыласы Иран елінің өкілі Амир Ярани болды. Төрт раундқа есептелген жекпе-жек белгіленген уақытын толықтай өтті деуге болады.
Еркебұлан үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді, ал төртінші раундта қарсыласын тағы құлатқан кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Жарнама