Бокс
5 қараша 2018 09:05
 
Боксшы чемпиондық жекпе-жекті нокаутпен жеңілген кейін өліп кетті

  Пікірлер

blog.share

Боксшы чемпиондық жекпе-жекті нокаутпен жеңілген кейін өліп кетті Кристиан Дажио. © Informazione.it

Италиялық боксшы Кристиан Дажио чемпиондық жекпе-жекте нокаутпен жеңілгеннен кейін көз жұмды, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Жартылай ауыр салмақта WBC Asian Boxing Council "күміс" белбеу үшін Тайландтың Рангсит қаласында өткен. 49 жастағы Дажионың қарсыласы жергілікті Дон Паруанг болды. 12-ші раундта италиялық басына бірнешге соққы өткізіп алып, канвасқа құлаған. алайда ол орнынан тұрып, тағы бірнеше соққы алды да, қайтадан құлайды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Дажио рингте есінен айырылып қалды, мұны байқаған төреші бірден дәрігерлерді шақырған. Боксшыны ауруханаға жеткізіп, бас миының ауыр жарақаты бары анықтаған. Бірнеше күннен кейін ол есін жимастан көз жұмды. 

WBO белбеуіне бұрынғы үміткер тоқашқа шашалып көз жұмды

"Ол өлігісі келген соң көз жұмды. Бұған өкінбеңіздер. Ол 80 жасқа келгенше жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Ринг оның өмірі еді. Чемпион сияқты кетті. Тайландта сүйіктісі мен бес жастағы қызы бар, ол әкесінің дүниеден қайтқанын әлі білмейді, - дейді марқұмның інісі Фабрицио Дажио.

Дажио карьерасындағы көп уақытын муай-таймен айналысқан. Ол 189 жекпе-жекте145 жеңіске жеткен. Сонымен бірге, спортшы ММА ережесімен өткізген бес кездесуде үш рет жеңген. 

Дажио рингке бір жыл үзілістен кейін оралғаны белгілі болды. BoxRec мәліметінше, осы жекпе-жекке дейін ол он рет жұдырықтасып, барлығын да нокаутпен жеңген екен. 

Жарнама

Живи спортом!