Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) суперчемпионы ретінде мойындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкинге бұл дәреже ұйымның сәуір айына арналған жаңартылған рейтингінде бекітілді. Өткен айда GGG Сайтамада жергілікті Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.
Айта кетейік, орта салмақта ұйым чемпионы Эрисланди Лара. Рейтингте көшбасшы Крис Юбенк, екінші Хайме Мунгия, ал үшінші орында аргентиналық Серхио Мартинес.