Лас-Вегаста 84 жасында Бокстың халықаралық даңқ залының мүшесі болып келетін бапкер Кенни Адамс өмірден өтті, деп хабарлайды Boxing Scene.
Тарихта қалған маман
Адамс - Вьетнам соғысының ардагері. АҚШ-тың әскери құрамасына жетекшілік еткен. Одан кейін олимпиадалық команда - АҚШ тарихындағы ең мықты құрамасында (11 жүлде, оның тоғызы алтын) бірінші көмекші болды.
Адамс АҚШ тарихындағы бірінші қара нәсілді бапкер болды. 1988 жылғы Олимпиадада команда 8 жүлде (3 алтын) алды. Бұл команда құрамында Риддик Боу, Рэй Мерсер, Рой Джонс, кіші Кеннеди Маккинни және Майкл Карбахал өнер көрсеткен.
Осыдан кейін Кенни кәсіпқой боксшылармен жұмыс істей бастады
Адамс темірдей тәртіпті ұстанып, бокстағы ең мықты тактиктердің бірі болды. 25 әлем чемпионын жаттықтырды. Керемет бір жетістігімен есте қалды - боксшылары қатарынан 22 титулды айқаста жеңді. Оның бірінші чемпионы - Рене Жако - Дональд Карриден титулдан тартып алды, бұл "жыл апсеті" болды.
Адамс жаттықтырған боксшылар қатарында: Рэй Мерсер, Кеннеди Маккинни, Диего Корралес, Джонни Тапиа, Майк Маккаллум, Фрэдди Норвуд, Винс Филлипс, Нонито Донэйр, Эдвин Валеро, Фрэнки Лайлс, Майкл Нанн, Хорхе Линарес, Эл Коул, Чарльз Мюррэй, Эдди Кук, Сэмюэл Питер болған.
Жарнама