Бокс аңызының ұлы Жәнібекпен жекпе-жекке келісті

Америкалық боксшы кіші Шейн Мозли (22-4, 12 КО) орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екен.
Америкалық боксшы кіші Шейн Мозли (22-4, 12 КО) орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екен.
Мозли титул үшін айқасудан бас тартқан британиялық Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) орнын басуға келісіпті.
Шейн WBO рейтингінде үшінші орында тұр және келесі жылдың басында рингке шығуға дайын. Кейінгі рет ол шілде айында Дэниел Джейкобспен (37-5, 30 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.
Сонымен қоса, ол карьерасында Геннадий Головкиннің тағы бір қарсыласы - Габриель Россадоны да жеңген.
Жарнама