Бокс
12 мамыр 2020 13:02
 
Бокс аңызымен. МакГрегордың менеджері Пакьяомен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Бокс аңызымен. МакГрегордың менеджері Пакьяомен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады Сурет: Fightnews.info

UFC жұлдызы Конор МакГрегор болашақта әйгілі Мэнни Пакьяомен (62-7-2, 39 КО) бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы ирландиялық файтердің менеджері Аудье Аттар мәлімдеді. 

"Бірінші кезекте ММА туралы ойлайды. Жоспарында бокс та бар, дегенмен, алдымен ММА. Қарсылас кім болады? Гэтжи, Фергюсон немесе басқа біреу. Бәрі жағдайға және жекпе-жек орнына байланысты. Ісіміз қалай жүретінін көреміз, бірақ, Мэнни Пакьяо немесе басқа боксшымен жекпе-жек мүмкіндігі де бар", - деп береді Аттардың сөзін allboxing.ru.

Айта кетейік, 41 жастағы филиппиндік бокс аңызының алдағы жоспары 32 жастағы америкалық Мигель Анхель Гарсиямен (40-1, 30 КО) жұдырықтасу. Жекпе-жек шілде айында Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. 

Жарнама

Живи спортом!