Бокс аңызы өмірін күрт өзгерткен қазақты атады

Ресейлік атақты боксшы Костя Цзю бүкіл өмірін өзгерткен қазақты атады, деп жазады Vesti.kz.
Ресейлік атақты боксшы Костя Цзю бүкіл өмірін өзгерткен қазақты атады, деп жазады Vesti.kz.
"Ата-анам соның арқасында мені боксқа берген адамның есімін атайын. Ол Серік Қонақбаев. Ол біздің қазақ боксшы, соны көріп анам менің де боксшы болғанымды қалады", - деп береді Цзюдің сөзін Tofight.ru.
54 жастағы Костя Цзю бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп, кәсіпқойда WBC/WBA/IBF тұжырымы бойынша абсолют чемпион болған.
Оның есімі Халықаралық бокс даңқының залына жазылды.
64 жастағы Серік Қонақбаев - Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатында да күміс иеленген, екі дүркін Әлем кубогінің жеңімпазы және Еуропаның екі дүркін чемпионы.
Жарнама