Бокс аңызы "Канело" - Головкин айқасына болжамын күрт өзгертті

Мексикалық бокс аңызы Хулио Сесар Чавес Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мексикалық бокс аңызы Хулио Сесар Чавес Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл тамаша жекпе-жек болады. Мексикалық ретінде Саульдің жеңгенін қалаймын, бірақ, рингте тек мықты жеңеді. Бұл қиын айқас болады деп отырмын, өте қиын. Альварес енді өз салмағында. Головкин - қауіпті боксшы. Олар бір-бірін жақсы біледі. "Канело" жеңімпаз болады деп үміттенеміз. Егер ол жеңгісі келсе, денеден жасайтын соққысы шешуші болады", - деп береді Чавестің сөзін Marca.com.
Айта кетейік, Чавес мұның алдындағы болжамында "Канело" Головкинді нокаутқа түсіретінін айтқан еді.
Жарнама