Сегіз салмақта бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо Филиппиннің үкіметтегі партиясы атынан 2022 жылғы президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Gazeta.ru. Боксшының кандидатурасы "ФДП-Лабан" партиясының ұлттық жиналысы кезінде таңдалды.
Филиппиннің қазіргі президенті Родриго Дутерте, енді ол үкімет басшысы орнына сайланбақ. Өйткені ел конституциясында президентке алты жылдық бір мерзімнен артық отыруға тыйым салынған.
Пакьяо кәсіпқой карьерасында 72 жекпе-жек өткізіп, 62 жеңіске жеткен (39 нокаут), сегіз рет жеңілді және екі рет тең түскен. Ол сегіз салмақта чемпион бола алған тарихтағы жалғыз боксшы.