Боб Арум UFС мен бокс чемпионы арасында айқас ұйыдастырмақ
Бокстан аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюридің сопромоутері Боб Аруым келесі жылы ауыр салмақта UFC ұйымының чемпионы Френсис Нганнумен кездесу ұйымдастырмақшы, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Көпшілік Тайсон Фьюри мен Френсис Нганну арасындағы жекпе-жекті көргісі келеді. Мен оған толық сенемін. Бірақ UFC чемпионы жуырда операция жасатты. Сондықтан айқас келесі жылы болады.
Бұл кездесуден қыруар ақша да түседі. Оның UFC ұйымымен келісімшарты бар ма, жоқ білмеймін. Дегенмен кездесуді ұйымдастыруға Дана Уайт та атсалысса дұрыс болар еді", - деді Арум Fight Hub TV арнасына берген сұқбатында.
Дана Уайт қазірше бұл кездесу туралы ешқандай нақты ақпарат бермеді. Алайда ол ешқашан Боб Аруммен бірге жұмыс істемейтінін айтты. Сонымен қатар, Фьюри - Нганну кездесуі Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесудей ақша түсірмейтінін мәлімдеді.
Жарнама