Бокс
6 ақпан 09:58
 

Боб Арум Жәнібектен бас тартқан ба? Астандағы айқасты өзге промоутерлер ұйымдастырады

  Пікірлер

blog.share

Боб Арум Жәнібектен бас тартқан ба? Астандағы айқасты өзге промоутерлер ұйымдастырады ©Vringe.com

ESPN шолушысы және белгілі инсайдер Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты қызықты мәлімет берді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

ESPN шолушысы және белгілі инсайдер Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты қызықты мәлімет берді, деп жазады Vesti.kz.

Инсайдердің ақпараты бойынша, Жәнібек 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешінде WBO және IBF титулдарын қорғайды. Қарсыласы Франция атынан жұдырықтасатын конголық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО). 

Алайда бұл бокс кешін ұйымдастырумен Әлімханұлының ісін АҚШ-та жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы айналыспайтын болыпты. Бұл ивентті өткізуді жергілікті промоутерлік компания қолға алған екен, дегенмен, бокс кеші ESPN+ арнасында трансляцияланады. Шоу кардында өзге де қазақстандық боксшылардың айқасы өтеді деп жоспарлануда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!