Бивол "Канелоның" Головкинмен айқастағы артықшылықтарын атады
Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші айқасқа қатысты ойын айтты.
Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші айқасқа қатысты ойын айтты.
"Қалай болатынын білмеймін, тіпті, болжам жасамай-ақ қояйын. Бірақ "Канелоның" не артықшылығы бар? Ол екінші орта салмақта бірнеше рет жұдырықтасқан, одан жоғары да көтерілген. Бұл дивизионда өзін жақсы сезінеді. Геннадийге бұрыннан бері суперорта категорияға көтерілу керек еді. Мүмкін оған да осы салмақта жайлы болар.
Оның үстіне Геннадийдің жасы да келді. Жас ұлғайғанда адам баяулап қалады.
Дегенмен "Канелоның" кейінгі айқасында жеңілгені психологиялық тұрғыда әсер етуі ықтимал. Бұл жақсы және жаман жағына қарай да бірдей әсер етуі мүмкін. Ал Геннадий менің жекпе-жегімді көріп, өзі үшін бірдеңе түйе алады", - деп береді Биволдың сөзін Fightnews.info басылымы DROZD PODCAST-қа сілтеме жасап.
Жарнама