Бокс
2 қараша 2022 07:44

Бивол "Канеломен" айқастан соң қандай күй кешіп жүргенін айтты

©RCC Boxing Promotions

Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңгеннен кейін өмірінде не өзгергенін айтты, деп хабарлайды BoxingScene.

"Аздап өзгерді. Жақсы жекпе-жек өткіздім. Енді көптеген адамдар мені көшеде тани бастады. Өзім өзгермедім, адамдар маған қатынасын өзгертті. Әрине, адамдар мені бір жерден көрген сияқты емес, жақсы боксшы ретінде танып жатқаны ұнайды. Бірақ мен құрметке жетуді қалаймын. Тек танымал емес. Ісіме мықты болғандықтан құрметтегенін қалаймын. Бұл мені бақытты етеді", - дейді Бивол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport