Ресейлік Дмитрий Бивол (21-0, 11 КО) мексикалық Хильберто Рамиреспен (44-1, 30 КО) айқасып, жартылай ауыр салмақта WBA титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундты жекпе-жек Абу-Дабидегі Etihad Arena төрінде өтіп, төрешілер шешімімен Бивол жеңіске жетті.
Бивол үшін бұл карьерасындағы 21-ші жеңіс болды. Ал Рамирес алғаш рет жеңіліп отыр.