Канада атынан өнер көрсетіп жүрген Артур Бетербиев ресейлік қарсыласы Дмитрий Биволдың WBC титулынан бас тартып, абсолют чемпион атағынан айырылуна қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бетербиев қарсыласынан мұндайды күтпеген сияқты
"Бивол сөз бен ардың адамы екен! Оған деген құрметімді білдіремін! Ұйымның оған қатысты істегені әділетсіз болды, біздің текетірес қазір 1:1 болып тұр. Алда шешуші айқас. Кім жеңетінін көреміз, жекпе-жек көрсетеді. Мен ақталып немесе оның еңбегін төмендеткім келмейді, ол екінші жекпе-жекте жеңді. Ол мықты боксшы, одан басқа айтарым жоқ. Екеуміз де дайынбыз, ендеше кеттік!", - деп береді Бетербиевтің сөзін "Бокс ТВ".
Еске салайық, Бивол мен Бетербиев арасындағы бірінші айқас 2024 жылы қазан айында өтіп, онда Артур жеңіске жеткен. Ал 2025 жылдың ақпанында өткен қарымтада Бивол басым түсті.
Жарнама