Бокс
25 маусым 2021 10:51
 

"Биіктен көріне алады, бірақ...". Шетелдік сарапшы қазақ боксшы қандай қателік жасағанын айтты

  Пікірлер

blog.share

"Биіктен көріне алады, бірақ...". Шетелдік сарапшы қазақ боксшы қандай қателік жасағанын айтты Видеодан алынған кадр

Алматыда жекпе-жек өткізу Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 KO) үшін үлкен қиындықтар тудырды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри осылай мәлімдеді. 

blog.share

Алматыда жекпе-жек өткізу Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 KO) үшін үлкен қиындықтар тудырды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри осылай мәлімдеді. 

"Құлахмет - қызықты феномен. Кәсіпқой рингте былтыр пайда болды. Бірден "Жыл проспекті" атағына ұсынылды. Екінші жекпе-жегінде титул жеңіп алды және бұрын жеңілмеген тәжірибелі қарсыласынан басым түсті. Карьерасы қарыштап дамып келеді. Ол айтарлықтай биіктерден көрінуі мүмкін. 

Алайда келесі жекпе-жегінің орны ретінде Қазақстанды таңдау алға қадам емес. Қарсыласы жекпе-жектен АҚШ немесе Еуропада болғанында бас тартса, оның орнына өзгені табу оңай болады. Ал мықты боксшыны басқа аймаққа келтіру қиындау. 

Жекпе-жектің өзіне келетін болсақ. Меніңше, Құлахмет қазіргі қарсыласын оңай жеңеді", - дейді МакКаферри.

Жарнама

Живи спортом!