Токио Олимпиадасының чемпионы британиялық Галал Яфай (1-0, 1 КО) кәсіпқойдағы алғашқы айқасын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лондонда өткен бокс кешінде ол мексикалық Карлос Вадо Батистамен (10-5-1, 3 КО) жұдырықтасты. Тоғыз раундқа есептелген жекпе-жек бесіншісінде аяқталды. Мексикалықтың командасы айқасты жалғастырмайтын болып шешті.
Осылайша, Яфай кәсіпқойдағы бірінші кездесуінде-ақ ең жеңіл салмақта WBC International титулын иеленді.
Еске салайық, былтыр өткен Токио Олимпиадасынның жартылай финалында Яфай қазақстандық Сәкен Бибосыновпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Нокдаунға түсті. Сәкен Бибосынов Олимпиаданың финалына шыға алмады
Дегенмен бұл өте даулы жекпе-жек болды. Төрешінің Сәкен нокдаунға түсті деген шешімі еш негізсіз болды және айқас соңында Яфай да өз жеңісіне сенбеген болатын.