Бокс
30 қыркүйек 11:55

Бибосыновты жеңген. Олимпиада чемпионы қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді

©Видеодан кадр

Англияның Шеффилд қаласында өткен бокс кешінде британиялық Галал Яфай (8-0, 6 КО) мексикалық Серхио Ороскомен (9-9, 7 КО) жекпе-жек өткізді. 

Өте жеңіл салмқатағы айқас сегіз раундқа есептелген болатын, алайда үшіншісінде аяқталды. Ороско бірнеше ауыр соққы өткізіп алып, нокдаунға түсіп қалды. Осыдан кейін төреші мексикалықтың денсаулығына қауіп төндірмей, жекпе-жекті тоқтата салды. Осылайша, Галал техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр. 

Айта кетейік, Яфаймен қазақстандық сәкен Бибосынов 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жартылай финалында кездескен еді. Ол кезде төрешілер жеңісті британиялыққа беріп, кейін ол Олимпиада чемпионы атанды, ал Сәкен қола жүлде иеленді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport