Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Thailand Open турниріне қатысатын боксшыларды іріктеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жарыс 1 мен 10 сәуір аралығы Пхукет қаласында (Тайланд) өтеді.
ҚБФ мәліметінше, бұл жарыста боксшылар олимпиадалық салмақта жұдырықтасады:
52 келі:
Санжар Тәшкенбай
Сәкен Бибосынов
57:
Серік Теміржанов
63:
Санатәлі Төлтаев
Сұлтан Мусинов
69:
Асыланбек Шымбергенов
75:
Тимур Нұрсейітов
Аятулла Тәкежанов
81:
Нұрбек Оралбай
91:
Айбек Оралбай
Сағындық Тоғамбай