Бүгін, 28 қыркүйекте Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келі салмақта ширек финалға жолдама үшін 26 жастағы Сәкен Бибосынов пен 30 жастағы Хасанбой Дусматов кездесті.
Өкінішке қарай, Бибосынов қазылар шешімі бойынша есе жіберді (28-29, 29-28, 28-29, 27-30, 28-29).
Енді ширек финалда Дусматов БАӘ боксшысы Султан Әл-Хуами және пәкістандық Зохаиб Рашид арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.