Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
51 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшының 1/16 финалдағы қарсыласы кениялық Давид Каранжи Мачари болды. Сәкен бұл айқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, Бибосынов бірінші кездесуінде гонконгтық Каннет Хин Чун Таманы нокаутпен жеңген еді.