Астанада бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирінің үшінші жарыс күні өтіп жатыр, деп жазады Vesti.kz.
Бүгін рингке Қазақстан құрамасынан Сәкен Бибосынов жекпе-жек өткізді. 51 келіде өнер көрсететін Сәкеннің қарсыласы өзбекстандық Мухаммадкодир Мамиржонов болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Бибосыновқа берді.