Бокс
21 сәуір 09:42
 

Бибосынов алтын жеңіп алғаннан кейін мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Бибосынов алтын жеңіп алғаннан кейін мәлімдеме жасады ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өткен турнирден кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өткен турнирден кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Константина Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде Сәкен алтын жүлде жеңіп алды.

"Ассалаумағалейкум Құрметті Қазақ елі! Ресейдің Хабаровск қаласында өткен халықаралық жарыста Аллаға шүкір чемпион атандым. Ауыр жарақаттан соң алғашқы жарысым. Бұйыртса ақырындап бабыма келемін. Құттықтап, жанкүйер болып жатқан баршаңызға мың алғыс айтқым келеді.", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.

Еске салайық, Бибосынов 2024 жылы желтоқсанда Чиангмайда (Таиланд) өткен Азия чемпионатынан кейін өнер көрсеткен жоқ. Ол турнирде Сәкен 1/4 финалға дейін жетіп, жарақат алып қалды да, кейін операция жасатты.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!