Бетербиевті жеңген Бивол келесі қасрыласын таңдады

Жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) отандасы Артур Бетербиевті (21-1, 20 КО) жеңгеннен кейін келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) отандасы Артур Бетербиевті (21-1, 20 КО) жеңгеннен кейін келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канело, Артур Бетербиев және Дэвид Бенависдестен бөлек, мен Каллум Смитті де атар едім. Ол да белбеуге үміткер. Турки Әл аш-Шейх менен бірінші ауыр салмақта жекпе-жек өткізу туралы сұраған. Мұндай да болады", - дейді Бивол Boxing News YouTube арнасына берген сұхбатында.
Бивол төрт белбеуді Бетербиевтен тартып алды:
22 ақпан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Бивол төрешілердің бөлек шешімімен Бетербиевті жеңіп, қазан айындағы жеңілісі үшін қарымтасын алды. Ал Артур үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.
Жарнама