Ресейлік кәсіпқой боксшылар Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) мен Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) ертең, 22 ақпан Эр-Риядта өтетін қарымта жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде көз арбасты, деп жазады Vesti.kz.
Бұл жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атағы үшін өтетін шешуші айқас болады.
Қазіргі таңда төрт белбеу де Бетербиевте.Бірінші жекпе-жекте Бивол төрешілердің бөлек шешімімен жеңілді. Бұл Артурдың қарсыласын нокаутқа түсіре алмаған алғашқы айқас және Биволдың карьерасындағы бірінші жеңіліс болды.