Бокс
18 ақпан 19:10

Бетербиев қарсыластарымен неге қол алыспайтынын ашық айтты

© instagram.com/arturbeterbiev

Жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы, ресейлік кәсіпқой боксшы Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) жекпе-жек алдында неге қарсыластарымен қол алыспайтынын түсіндірді, деп жазады Vesti.kz

"Бәрі қарапайым ғана дүние. Мәселен, ертең екеуміз жекпе-жекке шығамыз, сен мені жеңгің келеді. Мені бар күшіңді салып ұрғың келеді. Онда неге мен қол алысуым керек?" - деп береді Бетербиевтің сөзін Bad Left Hook.

Еске салайық, Бетербиев былтыр төрешілер шешімімен жеңген отандасы Дмитрий Биволмен (23-1, 12 КО) 22 ақпанда қарымта жекпе-жекке шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport