Бокс
Кеше 14:06

Бетербиев - Бивол айқасын Қазақстанда қайдан тамашалауға болады?

©instagram.com/turkialalshik

Ақпанның 22-нен 23-не қараған түні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта ресейлік кәсіпқой боксшылар Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) пен Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) арасында екінші жекпе-жек өтеді, деп жазады Vesti.kz

Астана уақытымен айқас шамамен 01:00-де басталады, ал оны тікелей эфирде DAZN платформасы көрсетеді. Бокс кешінің өзі 21:00-де басталады. 

12 раундтық кездесу жартылай ауыр салмақ лимитінде өтеді. Бұл айқаста Бетербиевтің төрт белбеуі де сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport