Бетербиев әйгілі "Канеломен" айқас өткізуге дайын екендігін мәлімдеді

WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы Артур Бетербиев мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу жайлы пікір білдірді.
WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы Артур Бетербиев мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу жайлы пікір білдірді.
"Тыңдаңыздар! Егер Альварес жартылай ауыр дивизионға ауысса айқас өткізуге дайынмын. Мықтылармен жекпе-жек өткізуге қарсы емеспін. Ал Сауль болса мықты боксшы", - дейді Бетербиев BoxingSscene басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, биылғы жылдың қараша айында мексикалық спортшы Калеб Плантты 11-раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта кезекті белбеуін иеленді. Бұл Альварестің карьеасындағы 57 жеңісі болды.
Жарнама