Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, украиналық боксшы Александр Гвоздик (20-2, 16 КО) ресейлік нокаутшы Артур Бетербиевтің (21-1, 20 КО) шеберлігіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшы Бетербиев пен де, Альвареспен де жұдырықтасқан
Гвоздиктің айтуынша, ол Бетербиевтің өз көзімен көрген - боксшылар рингте кездескен, әрі бұл оның карьерасындағы ең ауыр жекпе-жектердің бірі болған екен.
Гвоздик карьерасында тағы бір бокс жұлдызы – мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 КО) де кездескен.
"Канело кішкентай көрінеді, бірақ, оның бойында айтарлықтай күш бар. Иә, дене тұрқы жақсы, дегенмен, бәрібір мұндай кішкентай жігіт ауыр соққы жасай алады деп ойламайсың.
Жекпе-жек басталған сәтте-ақ оның жұдырығының қуатын сезінесің. Бұл жігіт соққы жасауды біледі. Сонымен қатар, оған соққы тигізу оңай емес. Мен таң бодым, ол өте шебер.
Бетербиев пен "Канелоның" соққысы әртүрлі. Бетербиев соққысы ауыр тиеді, ал "Канело" жылдам атылады. Бетербиев мен кездескен ең мықты боксшы болды.
Бірақ бір соққының қуаты жағынан алсақ, мұнда бәрінен асып түсетін – Адонис Стивенсон. Соққыны ауыр әрі дәл жасайтын боксшы сол еді. Бетербиев пен Альвареске келсек – "Канело" соққы жасауы нәтижелі", – деді Гвоздик Boxing Scene басылымына берген сұхбатында.
Жарнама