Бокс
14 қаңтар 2020 12:00
 
"Бет-аузын быт-шыт қылуға болады". 41 қарсыласын нокаутқа түсрген боксшы ережесіз жекпе-жекке шықпақ

  Пікірлер

blog.share

"Бет-аузын быт-шыт қылуға болады". 41 қарсыласын нокаутқа түсрген боксшы ережесіз жекпе-жекке шықпақ © boxingblog.ru

Ауыр салмақта Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деонтей Уайлдер (42-0-1, 41 КО) Thaboxingvoice YouTube-каналына берген сұхбатында аралас жекпе-жекте бағын сынап көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды "Лента.ру"

"Маған ММА ұнайды, қарсыластың үстіне шығып, жылдам соққылармен бет-аузын быт-шыт қылуға болады. Мен өзімді көрсете алатын спорт түрі деп білем", - деді боксшы. ММА ережесі бойынша төбелесу үшін күрес бойынша айтарлықтай тәжірибесі мен білімі барын айтты. 

Боксшының айтуынша, ол кез келген спортта қарсыласы үшін қауіпті бола алады екен.

"Негізінде менің қуатым тым көп, өлтіріп қоюым мүмкін", - деді ол. 

Былтыр қарашада Уайлдер WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Америкалық боксшы Луис Ортисті нокаутқа түсірді. Осылайша ол спорттық мансабында 42-ші жеңісіне қол жеткізді. Спортшы бірде-бір рет шаршы алаңда тізе бүгіп көрмеген. 

Жарнама

Живи спортом!