Бокс
25 қыркүйек 2018 11:45
 
"Бет-аузы көгергені көрсеткіш емес". ESPN сарапшысы Головкин - "Канело" қарымтасының қорытындысы туралы

  Пікірлер

blog.share

"Бет-аузы көгергені көрсеткіш емес". ESPN сарапшысы Головкин - "Канело" қарымтасының қорытындысы туралы © HBO Boxing

ESPN телеарнасының сарапшысы Фернандо Барбоза Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварестен жеңілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Көпшілік Головкиннің жеңісін көрді. Мен үшін жекпе-жек 8:4 есебімен GGG-дің пайдасына шешілді. Негізінде бұл жақын қашықтықтағы тамаша жекпе-жек болды, бірақ "Канело" жеңді деуге еш келмейді. Соққылардың әсері мықты болды деушілер тек Головкиннің бет әлпетіне қарап айтып жатыр. Мен оның беті мексикалыққа қарағанда қаттырақ көгергенінен ешқандай мәселе көріп тұрғаным жоқ. Бокста жеңімпаз жарақат саны бойынша анықталмайды. Бұл көрсеткіш емес", - деді маман. 

"Головкин екі кездесуде де мықты болды. "Екінші кездесуде "Канело" тең түсуге жақындады. Бұл олардың үшінші кездесуінің алдындағы ең әділ шешім болар еді. Қос боксшы міндетті түрде шаршы алаңда қайта жолығатынына сенімдімін", - деді Барбоза. 

Айта кетейік, 15 желтоқсанда Лас-Вегаста Геннадий Головкин төрешілер шешімі бойынша Сауль "Канело" Альварестен жеңілді. Мексикалық боксшы қазақстандықтың WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алды. Екінші кездесуден соң Головкин де Альварес те үшінші рет шаршы алаңда кездесу өткізуге дайын екендерін мәлімдеді.

Жарнама

Живи спортом!