Белгілі промоутер Дмитрий Биволға қарсылас тапты

Британиялық Джошуа Буатсидің (16-0, 13 KO) промоутері Эдди Хирн WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Биволға (20-0, 11 КО) жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Британиялық Джошуа Буатсидің (16-0, 13 KO) промоутері Эдди Хирн WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Биволға (20-0, 11 КО) жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Біз Буатси мен Бивол жекпе-жек өткізгенін қалаймыз. Әзірге Биволдың командасына айқас туралы ұсыныс айтттық. Қазіргі таңда олардың тарапынан жауап күтіп отырмыз. Әзірге келісімшартқа қол қойылмады", - дейді Хирн Pro Boxing Fans YouTube арнасына берген сұхбатында.
29 жастағы Буатси кәсіпқой бокспен Рио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған соң айналыса бастады. Ол соңғы рет төрешілер шешімімен Биволдың экс-қарсыласы ұлыбританиялық Крэйг Ричардсты (17-3-1, 10 КО) жеңді.
Жарнама