2008 жылғы Олимпиаданың чемпионы, ал қазір Қазақстанның 22 жасқа дейінгі құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев елдегі бокс мәселесі мен "қазақ стилі" жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кейінгі екі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір алтын да алмады. Токиода 2020 жылы екі қола ғана, ал 2024 жылы Парижде бір күміс қана. Осыдан кейін құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды.
Қазақстан өзіндік стилді жоғалтып алған
"Меніше, бокстағы "қазақ стилі" құрдымға кеткен. Біз өнер көрсетіп жүргенде, әрдайым аяқпен қозғалатынбыз, орнымызда тұрмайтынбыз. Қазіргі буын мүлде басқа. Қазір боксшылармызды қозғалуға мәжбүрлеп жатырмыз, орнында қағып қойған сияқты тұрғызбай. "Алдыңғы қол" дегенді де ұмытқан. Сонымен бірге, жігіттерде рингте әрекетсіз тұрып қалатын үзілістері көп. Бір орында қатып, блок сыртынан соққы алып тұра береді. Бұрын мұндайға жол бермейтінбіз, қарсыластың психологиялық теңдігін шайқап жіберуге тырысатынбыз. Қарсылас соққысын екі-үш рет тигізе алмай қалса, өзіне сенімділігін жоғалтады", - деп береді маманның сөзін "Дядя Ваня" телеграм арансы.
Бағалау өзгереген
Маман "Қазақ стилі" құрығанына байланысты біздің боксшылар әлемдік аренада жақсы өнер көрсете алмай жүр деп есептейді. Сонымен қатар, ол жекпе-жектерді бағалау туралы да сөз етті.
"Бұрын төрешілерде батырма болатын. Мысалы, мен дәл ұрдым, қарсыластың басы артқа кетті. Үш төреші бір секундта батырманы басатын. Демек бір ұпай жазылды. Қазір қазылардың бағалауы басқа. Қазір олар жалпы жекпе-жек барысына қарайды. Кім жарқылдап тұрса, сол көзге ілінеді. Сенің боксшы ретінде басты міндетің, қарсыласты жеңіп, өзгелерді де соған сендіру. Сен шабулды әдемі соққылармен бастап, оны контрашабуылмен аяқтаса, мұнда мүлде өзге көрініс пайда болады".
Жарнама