"Головкин не жасай аларын білмеймін, бірақ, ол тәжірибелі боксшы, Олимпиада жүлдегері. Мүмкін оған ескі тәсілге қайта оралу керек шығар, ұпаймен жеңіп, комбинация жасап ұрып, тек бір соққыдан нокаутқа түсіруге тырыспай.
Кәсіпқойдағы карьерасында Головкин барлық қарсыластарын нокаутқа түсіріп отырды. Ол стилін ауыстырды. Қазір Геннадий - нокаут шебері, ол мексикалық стилде жұдырықтасады. Қазіргі таңда ол әр жекпе-жекте нокаут жасағысы келеді. Мүмкін оған өткенге оралып, әуесқойда дағдыланғандай жұдырықтасу керек болар", - дейді Гарсия.