Белбеуін қайтарды. Боксшы жағы сынып кетсе де қарсыласын нокаутқа түсірді
Британиялық боксшы Джош Уоррингтон (31-1-1, 8 КО) жартылай жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтара алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Британиялық боксшы Джош Уоррингтон (31-1-1, 8 КО) жартылай жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтара алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Испаниялық Кико Мартинеспен (43-11-3, 30 КО) айқас Англияның Лидс қаласында өтті. Белбеуді алғаш қорғап жатқан Мартинес бірінші раундта-ақ нокдаунға түсті. Осыдан кейін жекпе-жек Уоррингтонның бақылауына өтті.
Рингтен дәрігерлер алып кетті. Қазақстан чемпионы атағы үшін айқас ауыр нокаутпен аяқталды
Жетінші раундта британиялық боксшы испаниялықты тағы бір есеңгіретті, осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. Дегенмен Уоррингтонға бұл кездесу оңайға түскен жоқ. Кейін оның жағы сынып кеткені белгілі болды, алайда, ол алған бетінен қайтпаған.
Josh Warrington suffered a broken jaw during his fight with Kiko Martinez, but fought on and won by stoppage… pic.twitter.com/LbMWnxshJW
— Michael Benson (@MichaelBensonn) March 27, 2022
Айта кетейік, Уоррингтон IBF белбеуінен былтыр бас тартып, титул оның бұрынғы қарсыласы Кид Галахадқа берілді, ал 36 жастағы Мартинес Галахадты нокаутқа түсіріп, IBF чемпионы атанған.
Нокдауннан тұрып. "Қазақстандық МакГрегор" қарсыласын нокаутқа түсірді
Жарнама