22 жастағы Бек Нұрмағанбет 2019 жылы Қазақстан құрамасы сапында 81 келі салмақта Азия чемпионатын жеңіп алған. Одан кейін Түркістан облысының боксшысы жарақат алып, әлем чемпионатына оның орнына Бекзат Нұрдәулетов барған еді.
Айта кетейік, осы шоуда өзге қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді. Екінші орта дивизионда WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдарына ие Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) және жартылай орта салмақта WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулері бар Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) титулдарын қорғайды.