WBC ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жектің үшінші раундында мексикалық Хуан Масиас Монтиэльді (23-6-2, 23 КО) нокаутқа түсірген доминиканалық Карлос Адамес (22-1, 17 КО) орта салмақта чемпиондарымен айқаспақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек сияқты. Головкин салмағындағы чемпиондық айқас нокаутпен бітті
"Орта салмақта ең мықты мен екенім анық. Ал аты шыққандардың менімен жұдырықтасуға батылы жетіп, қашпайды деп ойлаймын. Дивизиондағы барлық чемпионмен жекпе-жекке шығып, жеңгім келеді", - дейді Адамес.
Орта салмақта Джермалл Чарло (WBC), Геннадий Головкин (WBA Super, IBF, IBO) мен Жәнібек Әлімханұлы (WBO) чемпион екенін айта кетейік.