"Басында пір тұтқам". 13 боксшыны сұлатқан Костя Цзюдің ұлы Головкинмен жұдырықтасқысы келеді
Бірінші орта салмақтағы аустарлиялық проспект Тим Цзю (17-0, 13 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуді армандайды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен армандайтын жекпе-жек - Геннадий Головкинмен. Кейінгі бес-алты жыл оған ұқсағым келді. Басында пір тұтып келдім, одан кейін өзіме былай дедім: "Білесіңдер ме, мен онымен айқасар едім". Оның жасы келіп те қалды, бірақ, кім біледі. Мына коронавируспен жағдай бар. Біз Аустралияда мықты шоулар өткіземіз, сондықтан, кім білсін", - деп береді Цзюдің сөзін news.com.au.
Жарнама