Бокс
Кеше 12:38
 

"Басына бірдеңе болған". Әлімханұлы чемпионның аузына "құм құйды"

  Пікірлер

blog.share

"Басына бірдеңе болған". Әлімханұлы чемпионның аузына "құм құйды" © Instagram/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО) мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО) мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) 22 ақпандағы жекпе-жектен кейін Адамес өзін орта дивизиондағы ең мықты боксшымын деп бірнеше рет мәлімдеме жасады.

Алайда бұл айқаста Карлос қарсыласын жеңген де жоқ, Хамза екеуі тең түскен болатын. 

"Мен қазіргі таңда орта және суперорта салмақта ең мықты екеніме күмәнім жоқ. Менен дағдысы артық біреуді атаңдаршы", - деген еді доминиканалық боксшы. 


Бұған Жәнібек жауап ретінде Адаместің басына бірдеңе болғанын айтты.

"Мынаны оятып жіберіңдерші, өтініш. Егер ол ұйықтап жатпаған босла, онда басына бірдеңе болған. Меніңше, Шираз оны төпештеп тастаған сияқты! Міне содан осындай болып қалды", - деп жазыпты Әлімханұлы Х желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!